Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - Д.Ақышев ұлттық банктің жас мамандармен және студенттермен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Бұл туралы Данияр Ақышев жас мамандармен өткен онлайн-конференцияда мәлімдеді.
«Бұл кездесуге онлайн-конференцияның ең қызықты сұрақ конкурсының жеңімпазы – еліміздің ЖОО бірінің студенті Дильнара Токушеваны және Ұлттық Банкте бір күнін өткізуге өтініш білдірген, болашақ журналист Наталья Новоселованы да шақырдық», - деді ол.
Д.Ақышев Ұлттық банк басшысы онлайн-конференция барысында ЖОО студенттерінің белсенділігін атап өтті.
Жаңа қызметкерлерді іздестіру бойынша келесі науқан өткізу сәуір айында жоспарланғанын еске түсіреміз, оның басталғаны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
Еске салсақ, бұған дейін, перспективалы мамандарды іздестіру мақсатында науқан өткен болатын. Оған 960 адам түйіндеме жіберіп, оның 27 жұмысқа қабылданды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024