Абаев: Үш жыл ішінде 60 мың жас азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады

105
Абаев
Фото: YouTube

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz — Қазақстанда үш жыл ішінде 60 мың жас азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын  болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаев  мәлімдеді.

«Жастарды еңбекпен қамтуға байланысты «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қарастырылған. Үш жыл  ішінда 60 мың жас азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылады» ,  — деді Абаев.

Министрдің айтуынша, ауылдағы жастарға  15 000 микрокредит беру жоспарланған. Сондай-ақ, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 30 мыңнан аса мемлекеттік гранттар бөлінбек.