«Адемде» өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша қателіктер тіркелді

Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар бойынша департамент «Адем» сауда орталығында өрт қауіпсіздігі талаптар бойынша қателіктердің орын алғандығын анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Бірінші келген өрт сөндірушілер бөлімшесі өрт туралы хабардың кеш түскендігін тіркеді. Ғимараттың орталығында жоғары температура орнап, ғимарат аумағы бойынша улы және токсинды заттардың түтіні шарпыған. Автоматты өрт сөндіру дабылы мен өрт сөндіру жүйелері істен шыққан», — делінген ТЖД-нің хабарламасында.

Ал ішкі бөлімдердегі дүкендердің құрылымы жанғыш және токсинды пластикалық материалдардан жасалған. Жанған кезде улы заттар бөлінетін өте көптеген мөлшердегі тауарлар мен пластикалық манекендер бар. Жалын кезде жарылатын газ баллондары сақталған.

«Қазгидрометтің» хабарламасы бойынша, өрт кезінде түнгі сағат 02:02 уақыты бойынша, жел секундына 2,7 метр жылдамдықпен соғып тұрған. ТЖД аталған факторлар жалынның одан әрі таралуына себеп болған деп мәлімдейді.

Таңғы сағат 05:19-да от жартылай сөндірілді, алдын-ала болжаммен өрт аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды.

Отты өшіруге Алматы ТЖД-нен 25 өрт сөндіру техникасы, 16 арнайы техника жұмылдырылды. Алматы ІІД-нен жеке құрамдағы 580 адам, 34 техника жұмылдырылды. «Алматы Су Желісі» коммуналдық кәсіпорнынан 2 су тасушы көлік тартылды.  Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Қазір Алматы ІІД-нің ішкі құрамы сауда орталығының аумағын қоршауға алды. Жол-патрульды полициясының экипжы орналастырылып, Солтүстік айналма жолмен Москвина көшесі аумағында жаяу кезекшілік ұйымдастырылды. Сауда орталықтың жалға алушыларының шағымдарын қабылдайтын штаб құрылды. Егер «Адем» әкімшілігінің кінәсі дәлелденсе, оларға көмек беріледі.

Қазір өрттің шығу себептері, материалдық шығын есептелуде.