АИ-92 мен АИ-93-тің бағасы 130-150 теңге болуы мүмкін

АИ-92  мен АИ-93 бензиннің бағасы 130-150 теңге болуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-дегі брифингте ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник айтты.

«Қандай бағаға дейін көтерілуі мүмкін.? Мүмкін 140 болады, мүмкін 150, мүмкін 142,143, осы айналада болуы мүмкін. Сосын баға қалыпқа түскенде, Үкімет әрине, асыра пайдалануды, біреулерге көлденең табыс табуды болдырмайды, монополияға қарсы заңдар бар, бәсекелестікті қорғау бар. Біз нарықтағы жағдай қалыпқа келіп, бәрі дұрыс болады деп ойлаймыз. Қазір жауап беру қиын, оның үстіне бұл жиі өзгеріске байланысты, күн сайын нарықта өзгеріс болады», деді ол.

Ал, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев «Қазмұнайгазда» бензин 130 теңге болуы мүмкін екенін айтты. «Қазір баға туралы айту қиын, өйткені бұл шекті баға емес, әрбір компания өздеріне ыңғайлы деңгейді өздері белгілейді, бұл ретте ортақ баға жоқ. Бірақ әрбір компания өзі үшін жауап бере алады. Менің ойымша, біз қазір анықтаймыз, Қазмұнайгазда баға 130 теңге болуы мүмкін» деді ол брифингте.