Air Astana ішке рейстердегі отын жиынын 25%-ға қысқартады

411
Air Astana ішке рейстердегі отын жиынын 25%-ға қысқартады

Air Astana әуе компаниясы осы жылдың 14 ақпанынан бастап ішкі рейстерге жиналатын жанармай көлемін 25%-ға қысқартады деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.

«Жанармай жиынының қысқаруына қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттардағы әуеотын бағаларының төмендеуі себеп болды»,- деп  жазылған хабарламада.

Алматы-Астана-Алматы бағытындағы отын жиыны бұрынғы 6 мың теңге орнына 4,5 мың теңге деп өзгертілді. Ішкі рейстердегі жанармай құны үшін жиын 2012 жылдың сәуірінде әуеотынының бағасы көтерілуінің орнын толтыру үшін енгізілген еді.