Air Astana Мәскеудегі авариялық қону туралы жаңалықтарды жоққа шығарды

208
Air Astana
Фото: pilotcareernews.com

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Air Astana әуекомпаниясы Шерементьево әуежайына ұшақтың авариялық қонуы туралы ресейлік және қазақстандық БАҚ хабарламаларын жоққа шығарды.

«Эйр Астана» бірқатар ресейлік және қазақстандық БАҚ-да ұшақтың Шереметьево әуежайына апатты қонуы туралы ақпарат дұрыс емес екенін мәлімдейді. 16 мамырда Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша КС873 рейсімен ұшуы тиіс әуекомпанияның ұшағы, ұшақты одан әрі пайдалануға мүмкіндік беретін кейінге қалдырылған ақауға байланысты 40 минутқа кешіктірілді», — делінген әуекомпанияның хабарламасында.

Белгілі болғандай, Шереметьево әуежайына қонар алдында бар шектеулерді ескере отырып, экипаж командирі Шереметьево әуежайында ұзын тежегіш жолын қамтамасыз ету үшін толық ұшу-қону жолағын сұрады. Әуе кемесінің командирі ешқандай авариялық қонуды жарияламады. Қону штаттық режимде өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар ресейлік және қазақстандық БАҚ-да Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Мәскеудегі Шереметьево әуежайына қозғалтқыш реверсінің істен шыққан датчигімен қонғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.