Айырбас пунктерінде доллар шамамен 390 теңгеге бағаланды

ұлттық
Фото: informburo.kz

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,58 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,39 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 1,19 теңгеге құнсызданды. 

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 388 теңге, Алматыда – 389,5 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 386,44 теңгені құрайды.