Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айдын Рахимбаев: ЭКСПО аумағында құлаған құрылыс бөлігін қалпына келтіреміз

Айдын Рахимбаев: ЭКСПО аумағында құлаған құрылыс бөлігін қалпына келтіреміз

Астана. 17 қараша. 7kun.kz - ЭКСПО аумағында құлаған құрылыс бөлігі қайтадан қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы ВІ Group компаниясының басшысы Айдын Рахимбаев фейсбуктағы парақшасында жазды.

"Ең бастысы адам шығыны болған жоқ. Барлығы түсінік беруді күтіп отыр. Оны білемін. Көрме орнындағы жағдайды біліп, әріптестеріммен және инженерлермен ақылдасып, келесіні айтқым келеді. Біріншіден конструкция - ол шын мәнінде сәулетті-декоративті элемент. Формасы бойынша металды ферма деуге болады. Оны құрастырумен және монтаждаумен «Имстальком» деп аталатын еліміздегі білікті компания айналысты. Біз, кәсіби құрылысшылармыз. Қазірдің өзінде өзіміздің біліктілігімізге күмән келтірмейміз. Сондықтан біз кеше де жауапкершілікті оларға жүктеген жоқпыз және қазір де жүктемейміз", - деді Айдын Рахимбаев.14639691_1866975966871499_2216911314571230608_nСондай-ақ, ол суреттерге анықтап қараса құрылыс бөлігі дәнекерленген немесе бекітілген жерлерден қирамағанын көруге болтынын айтады. Оны біреу кескен сияқты. Тіпті негізгі конструкцияның әйнегі құлаған күннің өзінде сынбайтындай мықты еді.

15094457_1866982990204130_2673756134908576210_n"Инженерлермен кеңестен кейінгі біздің  алдын ала болжамымыз мынадай: 90 метрлік ферманың металы құжаттамада көрсетілген химиялық құрамға сәйкес болмағандықтан суық кезеңге шыдамаған. Дегенмен оның созылуы-қысылуы ыстық және суық кезеңдегі жағдайларға сәйкес есептеледі. Тағы да айтамын, бұл біздің алдын ала жасаған болжамымыз. Нақты шешімді сараптама комиссиясы анықтайды. Жақын арада шешіледі деп үміттенемін. Бірінші кезекте Қытайдан алынған металдың құрамына сараптама жасалады. Зертханалық сараптамалардың нәтижесін күтеміз.

Ал шығындарды өтеуге келер болсақ, комиссия қандай шешім қабылдаса да біздің компания бәрін қайта қалпына келтіреді. Тіпті шығындар жобалаушыларға да қатысты болса да, қателер мен кемшіліктерді біздің құрылысшылар мен инженерлер түзететін болады. Ал ғимаратағы павильондарға келер болсақ, олар қалпында", - деп мәлімдеді ВІ Group компаниясының басшысы. 

Сондай-ақ, Айдын Рахимбаев, қиын кезеңде қолдау білдірген басқа құрылыс компанияларындағы әріптестеріне, инженерлерге, өз ісінің мамандарына алғысын білдірді.

"Қателікті кім жібергені маңызды емес. Ең маңыздысы - болашақта мұндай қателікке жол бермеу", - деп түйіндеді ол.

Похожие материалы