Қайта жөндеуден өткен Galaxy Note 7 смартфоны Үндістан мен Вьетнамда сатылады

Фото:ITbukva.com

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — «Жарылғыш» Samsung Galaxy Note 7 смартфоны енді АҚШ пен Еуропа нарығына орала алмайды. Компания қайта жөндеуден өткізілген гаджеттерді Үндістан мен Вьетнамның нарығында сатуды шешкен деп жазады CNews.ru.

Galaxy Note 7-нің корпусы мен аккумуляторын ауыстырылып, батареяның қуаттылығы азаяды. Сатылым 2017 жылдың маусымынан басталады.

Samsung хабарлауынша, барлық шығарылған смартфондардың 98 пайызын қайтарған. Қазір 2,5 млн гаджет қайта сатылуға дайын. Galaxy Note 7 смартфондарын сату арқылы компания экологияға тигізген зияны үшін айыптан да құтылады. Осыған дейін Оңтүстік Кореяның экология министрлігі егер істен шыққан смартфондар талапқа сай өңделмесе, үлкен көлемде айыппұл салатындығын ескерткен еді.

Еске салайық, Galaxy Note 7 телефоны 2016 жылдың 2 тамызында таныстырылды. 24 тамызда смартфон аккумуляторындағы алғашқы ақаулар туралы хабарланды, 2 қыркүйектен бастап компания өнімдерін толығымен қайтаратындығын жариялады. Ал қазан айында Samsung соңғы үлгідегі смартфонның сатылымын мүлдем тоқтатты. Оңтүстік Кореялық компанияға 5,3 млрд долларға жуық шығын келген.