2008 жылы Абу-Даби қаласында жұмысын сәтті бастаған ашық қызғылт сары түсті Al Hilal Bank 18 айдың ішінде 14 филиалды іске қосып Исламдық банкингтің халықаралық нарықтағы қызмет аумағын кеңейтуіне алғашқы қадамын жасады.
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ (Банк) Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтері арасындағы келіcімге сәйкес құрылған ТМД-дағы бірінші ислам банкі. Банк 2010 жылдың наурызында толыққанды Ислам банкі ретінде жұмыс жасау үшін банктік лицензияға ие болды.
БАӘ-дегі мемлекеттің 100% қатысуымен жылдам әрі үдемелі дамып келе жатқан ислам банктерінің бірі Al Hilal Bank PJSC еншілес банкі болып табылады. Al Hilal банктік холдингінің несие рейтингі Fitch Ratings бойынша жоғары А+ және Moody’s бойынша А1 көрсеткіштеріне ие.
Банктің басты мақсаты - Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін қосатын инновациялық Исламдық банк шешімдерін ұсыну.
Банкт бас кеңсесі Алматы қаласында oрналасқан. Астана және Шымкенттегі филиалдары арқылы Шариғат ережелері мен ұстанымдарына сай келетін жеке және корпоративтік клиенттерге арналған банк өнімдерін ұсынуды мақсат тұтады.
Мәліметтер банктің ресми сайтынан алынды