«Al Hilal» Ислам Банкі АҚ туралы

48
Фото: alhilalbank.kz

«Al Hilal» Ислам Банкі АҚ (Al Hilal банкі) – Қазақстан Республикасы және БАӘ Үкіметтерінің келісімімен 2010 жылы құрылған Қазақстандағы және ТМД-дағы бірінші ислам банкі. БАӘ-дегі Абу-Даби Үкіметінің 100% қатысуымен жылдам әрі үдемелі дамып келе жатқан ислам банктерінің бірі Al Hilal Bank PJSC еншілес банкі болып табылады.

Al Hilal Bank PJSC несие рейтингі Fitch Ratings бойынша жоғары А+ және Moody’s бойынша А2 көрсеткіштеріне ие, бұл банктің қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігінің 00.көрсеткіші болып табылады.

2008 жылы Абу-Даби Инвестициялық кеңесі (Абу-Даби Үкіметінің инвестициялық бөлімшесі) басты банкті Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сәйкес инновациялық банктік өнімдер мен қызметтер ұсыну мақсатында құрған.

Абу-Дабиде ойдағыдай іске қосылғаннан кейін Al Hilal Bank PJSC өзінің халықаралық нарықтағы ислам банкингінің шекараларын кеңейтудегі ең үлкен қадамын жасап, Қазақстанда алғашқы еншілес банкін ашты.

Бастапқыда Al Hilal банкі ірі жобалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін исламдық қаржылық шешімдерді ұсына отырып, мемлекеттік және корпоративтік компаниялармен қатынастар құруды жоспарлаған болатын.

7 жыл бойы корпоративтік клиенттермен ойдағыдай жұмыс жасағаннан кейін 2017 жылы Банк исламдық банктік өнімдерді жеке тұлғаларға да ұсына бастады.

Al Hilal Банк Қазақстанда корпоративтік клиенттерге және жеке клиентерге де исламдық қаржылық шешімдерді ұсыну арқылы ұлттық экономиканы дамытуға және гүлдендіруге белсенді үлес қосуды көздейді.

Қазақстандағы исламдық банкингтің флагманы ретінде Al Hilal банкі исламдық қаржы құралдарының құндылықтары мен қағидаттарын түсіндіруді және клиенттерге қызмет көрсетудің ең жоғарғы стандарттарын белгілеуді мақсат етеді.

Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан және де Алматы, Нұр-Cұлтан және Шымкент қалаларында филиалдары бар. Al Hilal банк жеке және корпоративтік клиенттеріне Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сүйенген банктік өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынады.

Дереккөздер: alhilalbank.kz