Көкжайлау жері Іле Алатау паркіне қайтарылатын болды

көкжайлау
Фото: abai.kz

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Алматыда Көкжайлау шатқалының 10 га жері Іле-Алатауы табиғи паркіне қайтарылатын болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек Көкжайлау курортын дамыту туралы көшпелі жиын барысында курорттың 100 га жерін Іле-Алатау паркіне қайтаруды тапсырды.

 «Almaty Mountain Resorts» ЖШС басшысы Наиль Нұров айтқандай, бүгінде тау шаңғысы курортының аумағы алғашқы нұсқасынан екі есе оңтайландырылған.

«Құрылыс алаңы 300 мың шаршы метрден 30 мың шаршы метрге дейін, яғни 10 есе қысқарды. Шаңғы трассасы 77-ден 18-ге дейін азайды. Қонақ үйлердің сыйымдылығы 6,5 мың орыннан 250-ге азайды. Жасанды қар төсеуге арналған екі көлдің біреуі ғана қалды. Осыған байланысты 1002 га жерден 100 га аумақты босаттық. Болашақта босатылатын жер көлемі одан да көп болуы мүмкін», — деді Наиль Нұров.

Еске сала кетейік, Көкжайлау курорты бойынша техникалық-экономикалық негіздеме 2018 жылы аяқталады. Содан соң аталған жоба қоғамдық талқылауға салынады.