Аламан бәйгенің жеңімпазы 10 жасар Ақжол 10 млн теңге иеленді

635

Жамбыл облысынан келген 10 жасар Ақжол Жұматай «Алтын тұлпар» республикалық аламан бәйгесінде бас жүлдені қанжығасына байлады. Бәйге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып ұйымдастырған болатын.

Турнир Астана қаласының маңайында Ақмола облысының Қабанбай ауылында өтті. Республиканың 16 аймағынан 160-қа жуық қатысушыны басып озып, бас жүлде алды.

«Алтын тұлпар» турнирінің жеңімпазына ұйымдастырушылардың атынан 10 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Мәреге алдыңғылардың қатарында келген алғашқы тоғыз қатысушыға ақшалай сыйлықтар мен ҚР Ұлттық сопрт түрлері қауымдастынының алғыс хаттары табысталды.