Алаяқтар Алматы хайуанаттар бағының атынан қаржылай көмек сұраған

592
Алаяқтар Алматы хайуанаттар бағының атынан қаржылай көмек сұ

Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі ғаламтор қолданушыларына алаяқтарға алданып қалмау туралы ескертпе жасады. Алаяқтар хайуанаттар бағындағы аңдарға көмек керек деген желеумен есепшотқа ақша аударуды сұраған.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғаламтор кеңістігінде зообақтың жағдайы нашарлап, хайуанаттардың 1/3 бөлігін сатуға мәжбүр деген мазмұнда хабарлама тарап кеткен еді. Алаяқтар виртуалды әмиянның нөмірін беріп, сол нөмірге ақша салу арқылы жануарлардың өмірін сақтап қалуға атсалысыңыз деген. Тіпті аздаған қаражаттың өзі хайуанаттар үшін жасаған көмегіңіз болады деп сендірген.

Алматы зообағы тағы да алаяқтардың «қақпанына» ілініп қалса керек. Аталған хабарландыру барлық ғаламторды жайлап кеткен. Сол себепті хайуанаттар бағының басшылығы қаланың барлық тұрғындарын алаяқтар тарапынан айтылып жүрген қауесеттерге сенбеуге шақырады.

Мекеме басшылығы құқық қорғау органдарына хабар берді. Бүгінде полиция істі тексеріп жатыр. Алматы зообағының осындай жағдайға тап болуы бірінші рет емес. Осыған ұқсас хабарландырулар ғаламторда бұрын да таралған дейді зообақ қызметкерлері.