Alibaba Азиядағы ең қымбат бренд

27
Фото: retail.ru

2019 жылы Alibaba-ның капиталдануы 60% өсіп, $570 млрд жетті. Мұның арқасында компания Азиядағы ең қымбат компанияға айналды. Бұл туралы retail.ru жазды.

Ал әлемдік компаниялар арасында Alibaba жетінші орында. Оның алдында Saudi Aramco, Apple, Microsoft, Alphabet, Amazon мен Facebook бар.

Alibaba рейтингте бірінші рет көш бастап тұр. 2018 жылы бірінші орында Tencent интернет холдингі болған еді. Оның капиталы
20% немесе $459 млрд дейін өскен. Алайда бұған қарамастан ол екінші орында.

Alibaba акциялары Қытайдағы табыстың өсуі мен Гонконг қор биржасындағы екінші листингте $12,3 млрд тартуының арқасында өсіп отыр.