Alibaba компаниясының қаржылық бөлімшесі 45 миллиард долларға бағаланды

459

Alibaba Group Holdings қытайлық интернет-алыптың қаржылық бөлімшесі қаржыландыруды жұмылдыру аясында 45-50 млрд долларға бағаланды деп хабарлайды Financial Times.

Alibaba деректеріне сүйенсек, Zhejiang Ant Small & Micro Financial Services Group Co. (Қытайдағы онлайн-төлемдердің ірі сервисіне иелік ететін бұл бөлімше ресми түрде осылай аталады, немесе қысқаша Ant Financial) арқылы өткен жылы жалпы сомасы 778 млрд долларға төлемдер жасалған, бұл америкалық бәсекелесі PayPal төлемдерінің көлемінен үш есе артық және дүние жүзіндегі барлық онлайн-төлемдердің шамамен үштен бірін қамтиды.

Бұған дейін хабарланғандай, бөлімше 2016 жылы акцияларының бастапқы орналастырылуын жүзегеа асырмақ, бұл ретте компания өз акцияларын тек Қытай биржасында ғана емес, сондай-ақ бір уақытта бірнеше биржада орналастыра алады.

Ant Financial тәуілігіне 45 млн сатып алулар жасайтын 800 млн пайдаланушы және мобильді қосымшаның пайдаланатын 190 млн қолданушы тіркелген Alipay-мен қатар көлемі 579 млрд юань ($93 млрд) болатын Yu’E Bao инвестициялық қорын басқарады.