Алматы әкімі қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысын бағалады

31
Алматы
Фото: azh.kz

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктің қоғамдық көлік саласындағы жұмысын қарап, Facebook-тегі парақшасында шешілуі қажет мәселелерге тоқталды.

Сағынтаевтың айтуынша, әкімдік тарапынан шара қолдануды талап ететін негізгі мәселелер:

1) автобус парктері үшін білікті кадрлардың, жүргізушілер мен сервистік мамандардың — слесарь, механиктердің және басқалардың жетіспеуі.

Қалада оларды дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Бұл жұмысты мамандар қажеттілігі мен колледждердің оқу жоспары бойынша алдын ала жүргізу қажет, деп атап өтті қала басшысы.

2) Алматыдағы троллейбус желісі дұрыс бағаланбайды — экологиялық таза көлік. Байланыс желілерінің тозу деңгейі жоғары, күн сайын көптеген үзілістер орын алады.

3) Қала маңындағы тасымалдар мәселесі. Күн сайын 600 автобус 61 бағыт бойынша жүреді. Қызмет сапасы төмен. Автобустардың тозуы жоғары.

Кездесу барысында әкім жауапты бөлімшелерге қысқа мерзімде осы мәселелерді шешу жөнінде тиісті тапсырмалар берді, оның ішінде қаланың барлық троллейбус желісін қайта жаңартуды тапсырды.