
Алматы қаласы Қазақстанның ЖІӨ-нің бесінші бөлігін қамтамасыз етеді, әрі мемлекеттік қазынаға барлық кірістерінің 1/4 бөлігін береді. Бұл жөнінде қала әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындарына берген есебінде айтып өтті. «Мемлекеттік бюджетке салықтан 1 трлн теңгеден артық түсті, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары. Барлық түсімнің 27%-ын қаламыз мемлекеттік бюджетке береді», - дейді А. Есімов.
Өткен жыл республика үшін оңай болмады. Девальвация болып өтті. Бірақ, ресми статистикаға сенсек, экономика саласында алға жылжу байқалады.
Сонымен, өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі 60 млрд доллар болды, бөлшектік тауар айналым 9,3%-ға көтерілді, көтерме тауар айналым 6,1%-ға өсіп, жалпы құны 7 млрд теңгені құрады.
Одан бөлек қалада жастар арасында жұмыссыздық азайған. «Жұмыссыз жүрген 4 мың жас бүгінде жұмысқа орналасқан. Басқа қалалардан мигранттар жаппай келіп жатса да, көрсеткіш осындай », - деді әкім.
Одан соң қала әкімі экология тақырыбын қозғады. Әкімшілік үшін бұл мәселеге қатысты сұрақтар өте маңызды дейді Ахметжан Есімов. "Қала машиналар үшін емес, адамдар үшін. Ауаның тазалығы, көгалдандыру өте маңызды мәселе", - деп атап өтті қала басшысы. Қалада аталған мәселелер бойынша ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жоқ. Бұл маңызды сұрақ болғандықтан, баса назар аударылуы тиіс дейді Есімов. Ағаштардың жаппай кесіліп жатқандығына да қала әкімі жауап берді: "Ағаштар, басқа ағзалар секілді өседі, өнеді, өледі. Адамдардың үстіне құлап жатыр деген сынды шағымдар көптеп түсті. Біз қартайған 39 мың ағашты кестік, 4 мың ағаш қалды. Бірақ, кескен талдың орнын толтыру үшін, жаңадан ағаштар отырғызумен айналысатын боламыз".
Әкімшіліктің мақтанышпен айтатын бір саласы болса, ол - білім беру саласы. Алматы қаласында ең көп бюджет білім беру саласына құйылады. 71 млрде теңге шамасында білім саласына бөлінеді. «Бірақ, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығы көптеп байқалады. Мен көптеген кәспкерлермен байланыстым. Осы мәселеге қол ұшын берсе дедім. Бұл жерде оларға жағдай жақсы жасалған, бюрократия азырақ. Осылайша 33 жеке балабақшалар ашылды. Балабақшадағы орын тапшылығы 12%-ға төмендеді», - дейді Ахметжан Есімов.
Қала үшін маңызы ерекше тағы бір мәселе - Олимпиада. Алматы қаласы олимпиаданы осы жерде өткізуге үмітті болып отыр. «Олимпиада деген игі іс», - деп атап өтті қала басшысы.
«Жаңа инфрақұрылым болады, қаланың даму қарқыны өседі, қонақ үйлерде туристер тұратын болады. Қазақта мынадай мақал бар: «Тойдың болғанынан боладысы қызық» деген», - дейді Есімов мырза. «Олимпиада ойындары үшін қатты шығын шықпауы тиіс. Қаланың дамуы үшін бұл үлкен мүмкіндік» деп сендірді қала тұрғындарын қала әкімі.
Ақпарат көзі: kapital.kz