Алматы – Бішкек бағытындағы ұшақ техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына қайтып оралды

Алматы – Бішкек бағытындағы ұшақ техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына қайтып оралды
Фото: ng.kz

Алматы. 23 наурыз. 7kun.kz – Алматы – Бішкек бағытындағы ұшақ техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына қайтып оралды. Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ корпоративті коммуникация департаменті хабарлады.

Алматыдан Бішкекке бағытталған КС109 рейсі Алматы халықаралық әуежайына қайтып оралды. Оған май қысымының төмендеп, ұшақ экипажындағы №1 қозғалтқыштың істен шығуы себеп болды. Ұшақ штаттық режимде қонды. Оқиғаның себебін анықтау үшін әуе компаниясының техникалық қызметкерлері жұмылдырылды. Анықталған мәлімет бойынша, дабыл жүйесінің жалған соғылуынан, май қысымы төмендеп кеткен. Қозғалтқыш тексеріліп қайтадан іске қосылды.