Алматы ең қымбат қалалардың жүздігіне енді

606

Қазақстанның оңтүстк астанасы Алматы шетелдік мамандар үшін ең қымбат қалалар рейтингінде 94-орынға ие болды. Mercer консалтингтік компаниясы осындай мәлімет берді деп хабарлайды  LS.

Ақпарат бойынша, Алматы 111-орыннан 94-ке дейін көтерілген. Оңтүстік астанамызбен бірге бұл позицияда Люксембург қаласы да орналасқан.

Ал әлемнің ең қымбат қаласы ретінде Ангола астанасы Луанда аталды. Екінші және үшінші орындарда Гонконг (Қытай) және Цюрих (Швейцария) тұр. Бестікке Сингапур және швейцариялық Женева кіреді. Ондықтың тізімінде Шанхай (Қытай), Пекин (Қытай), Сеул (Оңтүстік Корея), Берн (Швейцария) және Нджамен (Чад) бар.

2015 жылдағы қымбат қалалар тізімінің ондығынан Мәскеу шығып кетті. Ол 9-орыннан бірден 50-орынға түсті. ТОП ондықтағы Токио да 11-орынға ауысты.

Шетелдік мамандар үшін ең арзан қалалар тізімінде Бішкек бар. Ол ең соңғы 207-орында. Қырғызстан астанасының алдында Намибия астанасы Виндхук және пәкістандық Карачи тұр.