Қазақстанның оңтүстк астанасы Алматы шетелдік мамандар үшін ең қымбат қалалар рейтингінде 94-орынға ие болды. Mercer консалтингтік компаниясы осындай мәлімет берді деп хабарлайды LS.
Ақпарат бойынша, Алматы 111-орыннан 94-ке дейін көтерілген. Оңтүстік астанамызбен бірге бұл позицияда Люксембург қаласы да орналасқан. Ал әлемнің ең қымбат қаласы ретінде Ангола астанасы Луанда аталды. Екінші және үшінші орындарда Гонконг (Қытай) және Цюрих (Швейцария) тұр. Бестікке Сингапур және швейцариялық Женева кіреді. Ондықтың тізімінде Шанхай (Қытай), Пекин (Қытай), Сеул (Оңтүстік Корея), Берн (Швейцария) және Нджамен (Чад) бар. 2015 жылдағы қымбат қалалар тізімінің ондығынан Мәскеу шығып кетті. Ол 9-орыннан бірден 50-орынға түсті. ТОП ондықтағы Токио да 11-орынға ауысты. Шетелдік мамандар үшін ең арзан қалалар тізімінде Бішкек бар. Ол ең соңғы 207-орында. Қырғызстан астанасының алдында Намибия астанасы Виндхук және пәкістандық Карачи тұр.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024