Алматы маңында тағы да жер сілкінісі болды

Алматы
Фото: baigenews.kz

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — Алматы облысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 8:15-те 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады республиканың Білім министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде 15 км тереңдікте, эпицентр координаттары – 44.48 градус солтүстік ендікте және 79.92 градус шығыс бойлықта болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы – 9.1.

«МSК-64 шкаласы бойынша сезілетін мәліметтер жоқ», – деп хабарлайды сейсмологтар.