Алматы маңында жер сілкінісі болды

286
Алматы
Фото: baigenews.kz

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 6:58-де Алматы облысында (Қазақстанның оңтүстік-шығысында) 3,8 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-де хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде 15 км тереңдікте, эпицентр координаттары — солтүстік ендік бойынша 42,99 градус және шығыс бойлықта 77,51 градус.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 7,6.

«МЅК-64 шкаласы бойынша сезілетін мәліметтер жоқ», — делінген сейсмологтардың ақпаратында.