Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

13
Алматы
Фото: baigenews.kz

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Алматы тұрғындары таңертең жер сілкінісін сезген, деп хабарлайды ҚР БҒМ ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.

Мәліметтерге сәйкес, Астана уақыты бойынша 03:49-да Алматыдан 140 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрде жер сілкінісінің сезілуі 3 балл, қалада 2 балл болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы – 14.0. Магнитуда — MPV 5.5. Эпицентр координаттары — 42,97 °, 78.61 °. Тереңдігі — 10 км.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйек күні сағат 10:43-те Алматыдан 150 шақырым жерде магнитудасы 4,1 балл жер сілкінісі тіркелген.