Алматы марафонына кімдер қатысты?

Алматы марафонына кімдер қатысты?

Алматы марафонына қатысушылар арасында шоу бизнес пен бизнес, спорт пен саясатқа қатысы бар танымал тұлғалар көп. Көптеген компаниялар арнайы командасымен қатысуда. Мысалы: Алматы марафонының бас демеушісі Kaspi Bank-тің бас кеңсесі мен өңірлердегі филиалдарынан 50-ге жуық адам қатысуда.

Фото: Сауле Мусина

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жарысты бастап берді.

Құрылыс саласындағы танымал компанияның бірі Sheberbuild командасын бас директоры Олжас Сүлейменов бастап келіпті. 

Әншілерден Диас Аблаев бой көрсетті. Ол инстаграм парақшасына биыл үшінші рет қатысудамын деп бір мақтанып алыпты.

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов әлі спорттық бабында екенін көрсетті.

https://www.instagram.com/p/BTNxMADDhRq/?taken-by=logvinov_01

Альпинистер Мақсұт Жұмаев, Мағжан Сағымбаев пен 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы Евгений Левкин, Майя Манеза мен Александр Винокуров қатысуда. Евгений Левкин жол-көлік апатынан кейін арбаға таңылған еді. Достары «марафонда Евгенийді қолдау үшін жүгірдік»,- дейді.

Фото: tengrinews.kz

«Казатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы Аскар Жұмағалиев те қатысушылар қатарынан табылды.

Марафонда еліміздегі 34 банктің жартысы командаларымен қатысты. Азиякредитбанк ұжымы.