Алматы облысында жаңа тау-шаңғы кешені ашылды

91
Фото: MyTravelBook.org

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Алматы облысының Талғар ауданында жаңа тау шаңғысы курорты салынды. Құрылыс құны 60 млн долларды құрады.

Жобаны қаржыландыру жергілікті инвестордың қаражатына, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен жүзеге асырылды. Жаңа нысанға мемлекет те қолдау көрсетті. Атап айтқанда, бюджет қаражатына кешенге дейінгі 6 км автомобиль жолы жөнделді.

Тау-шаңғы кешенінің жалпы аумағы 85 га. Теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан. Алдағы жылдары қазіргі 13 шақырымдық сырғанау жолақтарының ұзындығын 40 шақырымға дейін жеткізу жоспары бар.

Курорт жыл мезгіліне қарамастан қызмет етеді деп жоспарланған.  Жаз мезгілінде шаңғы жолдары велосипед тебуге лайықталады. Демалушыларға түрлі ұлттың тағамын әзірлейтін 6 мейрамхана, 99 орындық қонақ үй қызмет көрсетеді.