Алматы облысында желтоқсанда 36 нысан пайдалануға беріледі

95
Шымкентте
Фото: dribbble.com

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Алматы облысында 36 жаңа нысанды ашу жоспарланған. Олардың арасында денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандары, сондай-ақ тұрғын үйлер бар, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұңғыш Президент күніне орай 12 кәсіпорынды ашу жоспарланып отыр, ал қалғандары 16 желтоқсанға дейін іске қосылады. Сондай — ақ, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Кербұлақ ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлайды: ауданда жалға берілетін тұрғын үйлер, Жамбыл ауданының Тарғап және Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, Іле ауданында — 3 балабақша пайдалануға беріледі.

Мереке қарсаңында Қарасай ауданының Көкөзек ауылында сэндвич-панельдер мен профильдер өндіретін «Болашақ-Металл» зауыты өз жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Нысанның жобалық құны — 110 млн теңге. Көксу ауданында «Сұлтан» шаруа қожалығы 200 басқа арналған бордақылау алаңын, сондай-ақ «Нұрлан»шаруа қожалығының базасында құрылған 200 басқа арналған сүт-тауар фермасын ашуды жоспарлап отыр. «Жолбосынов» ЖК 150 басқа арналған тағы бір бордақылау алаңы өз жұмысын Сарқан қаласында бастайды. Ұйғыр ауданының Дардамты ауылында «Eko product Plus» ЖШС 1 га жерге жылына 100 тонна қуаты бар жылыжай кешенін іске қосады. Жаңа нысандар қатарында Қаратал ауданында ашылатын 340 бас «Агроинвесткаратал» ЖШС бар шошқа өсіру кешені бар.