Алматы облысының әкімдігі 12 вайнер үшін 23 млн теңгенің блог-турын ұйымдастырады

23
Алматы
Фото: alytics.ru

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Алматы облысының әкімдігі «Рухани жаңғыру «Проектный офис» ЖШС арқылы Vine Fest Zhetysu блог-турын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді көрсетуге мемлекеттік сатып алуды өткізді. Тендердің жалпы сомасы 23 млн 206 мың теңге.

Техникалық сипаттамада Viner фестивалінің мақсаты — туристерді тарту үшін Instagram және YouTube үшін қысқа роликтер жасау.

12 вайнер бару тиіс жерлер:

  • Шарын каньоны;
  • Әулие Ағаш ежелгі ағашы;;
  • Пагод мешіті;
  • «Алтын Емел» ұлттық паркі (Ақтау, Қатутау, Шоқан бұлағы және Ән салатын бархан);
  • Көлсай және Қайыңда көлдері.

Вайнерлердің роликтерін кемінде 6 млн жазылушы көруге тиіс. Басқа да талаптар:

  • роликті сол жерде түсіру керек;
  • вайнерлердің әрқайсысы іс-шара туралы кем дегенде бір роликті түсіруі тиіс;
  • ролик бір ай ішінде жариялануы тиіс;
  • Instagram-дағы роликтің ұзақтығы кемінде 60 секунд болуы тиіс;
  • YouTube-тегі видеоның ұзақтығы кемінде — 10 минут;
  • вайнерлерде болуы тиіс: видеомонтаж үшін ноутбуктер, таза дыбысты жазу үшін цифрлық рекордер, биіктіктен видео түсіру үшін квадрокоптер.

Сондай-ақ, хабарламада блогерлер мен вайнерлер күніне шарттағы туристік орындардан кемінде он Insta-Stories жариялауы тиіс екені атап өтіледі.