Алматы спорттық қалалар рейтингінде көш бастады

Алматы спорттық қалалар рейтингінде көш бастады
Фото:almaty2017.com

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — «Turstat» агенттігі 2017-қысқы ойындардағы спортқа жанкүйер қалалардың тізімін жасады. Рейтингтегі бірінші орында Қысқы Универсиаданы өткізетін Алматы қаласы тұр.

Топ-5 танымал қалалар қатарына Алматы (Қазақстан), Хохфильцен (Австрия), Санкт-Мориц (Швейцария),  Острава(Чехия) және Лахти (Финляндия) кіреді.

2017 жылдың 29 қаңтар мен  8 ақпан аралығында Алматыда  қысқы Универсиада-2017 ойындары өтеді. Сайысқа 57 елден  екі мыңнан астам  студент-спортшылар қатысады. Жалпы 12 спорт түрінен сайыс өтеді.

Осы жылдың 9-19 ақпан арасында Хохфильценде биатлоннан әлем чемпионаты болады. Әлемдік чемпионатта биатлоншылар спорттың 11 түрінен сайысқа түседі. Олар: спринтте бес ерлер мен әйелдер сайысы, қуалау, жеке жарыс,  эстафета және аралас эстафета т.б.

6-19 ақпан арасында Санкт-Мориц қаласында тау шаңғысынан әлем кубогы өтпек.  Кубок он бір медаль жиынтығы бойынша ойнатылады.

23-29 қаңтарда Чехияның Острава қаласында мәнерлеп сырғанаудан  Еуропа кубогы болады. Жұптық сырғанау, мұз үстіндегі би және ерлер мен әйелдердің жеке сырғанауы  деген сайыстар бойынша алты медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Танымал қалалардың бестігін Лахти толықтырып тұр. 22 ақпан мен 5 наурыз арасында  бұл жерде  шаңғы тебуден әлем чемпионаты өтеді.

Дана ТӨРЕБЕК «7»