«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1 000 жас тұрғын баспаналы болады

68
ипотека
Фото: elconfidencial.com

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz  — Бүгін «Алматы жастары» бағдарламасы басталды. Тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар бүгіннен  бастап 30 наурызға дейінгі www.almaty-zhastary.kz сайтында онлайн режимде өтініш бере алады. Бұл үшін электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) керек.

Алматы қаласы әкімдігі мен
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі нің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады. Өтінімдер Алматы қаласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда қызмет ететін келесі азаматтардан қабылданады:

-дәрігерлер мен медбикелер;

-педагогтар мен тәрбиешілер;

-әртістер, жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері;

-бапкерлер мен спортшылар;

-ЖОО мен ғылыми институттардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;

-әлеуметтік сала қызметкерлері;

-өндірістік қызметпен айналысатын БАҚ қызметкерлері мен журналистер (мемлекеттік және коммерциялық).

Әлеуетті үміткерлердің толық тізімімен www.almaty-zhastary.kz сайтында немесе Алматы қаласының тұрғын үй тұрғын үй саясаты басқармасына +7 (727) 225 14 57, +7 (727) 225 14 44 нөмірлері бойынша хабарласып білуге болады.

«Алматы жастарына» қатысушылардың ресми жұмыс өтілі соңғы алты айдан кем болмауы тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәдениет саласының өкілдері үшін кемінде жарты жыл бойы Алматы қаласында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті.

-«Алматы жастары» бағдарламасы қала әкімдігімен бірлескен жемісті жұмыстың көрнекті мысалы. Қалалық тұрғын үй бағдарламасы алғаш рет 2017 жылы басталып, үлкен сұранысқа ие болды. Екі жыл ішінде осы жоба аясында 1 383 өтінім қабылданды. Біз қалалық билік өкілдерімен 2,2 млрд теңге сомасына қаланың 240 жас тұрғынын баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл бағдарламаның жүзеге асырылуына қалалық бюджеттен 10 млрд теңге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бюджетінен 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат 1 000 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді, — дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.  

www.almaty-zhastary.kz сайтында өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін, Алматы қаласының тұрғын үй басқармасы 20 жұмыс күні ішінде үміткерлер тізімімен қоса, олардың өткізген құжаттарының дұрыстығын тексеріп, жинаған балл санына қарай бағдарламаға қатысушыларды таңдайтын болады. Оған некеде қанша жыл тұрғандығы, балаларының бар екендігі, категория бойынша үздіксіз жұмыс өтілінің мерзімі, халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататындығы әсер етеді.

Пул құрылғаннан кейін, қатысушылардың барлығына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде несие рәсімдеу үшін жолдама беріледі. Бұл жолдама 15 жұмыс күні ішінде жарамды. Тұрғын үйді іздеп-табуға банк екі ай уақыт береді. Пәтерді жаңа және қолданыстағы үйден алуға болады.

Оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 13 млн теңге көлемінде максималды соманы несиеге береді. Бастапқы жарна кемінде 10%-ды құрауы тиіс. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме — жылдық 5%.

Мәселен, құны 13 млн теңгелік пәтерді сатып алар кезде займ бойынша төлем алғашқы 8 жылда 101 967 теңгеге, ал қалған 11 жыл ішінде азайып, 54 100 теңгеге тең болады.