Алматы. 2 маусым. 7kun.kz — Белгісіздер Алматыда «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» ғимаратына бомба қойылды деп хабар берген. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, белгісіз біреу телефон арқылы ғимаратта бомбаның бар екені туралы хабарлаған.

Сурет kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды
«Қазіргі уақытта жедел қызметтегілер мен қаладағы төтенше жағдай қызметіндегілер ғимаратты қоршауға алып, оқиға орнында шаралар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жарылғыш зат бар делінген хабар тексеріліп жатыр», — деді қалалық ІІД өкілдері.

Қазіргі уақытта жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz