
Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - Белгісіздер Алматыда "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" ғимаратына бомба қойылды деп хабар берген. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, белгісіз біреу телефон арқылы ғимаратта бомбаның бар екені туралы хабарлаған.
[caption id="attachment_70707" align="alignnone" width="705"]
Сурет kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды[/caption]
"Қазіргі уақытта жедел қызметтегілер мен қаладағы төтенше жағдай қызметіндегілер ғимаратты қоршауға алып, оқиға орнында шаралар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жарылғыш зат бар делінген хабар тексеріліп жатыр", - деді қалалық ІІД өкілдері.
[caption id="attachment_70708" align="alignnone" width="705"]
Қазіргі уақытта жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
https://youtu.be/OBWHF_gI5L8Дереккөз: Tengrinews.kz