Алматыда бөлшек сауда көлемі артты

Алматыда

Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Алматы қаласында 20 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Телебай Бағдат айтты.

Оның айтуынша, Алматы – бұл сауда және қызмет көрсету қаласы, экономиканың осы секторы ЖӨӨ-нің 80% — дан астамын құрайды. Соңғы жылдары сауда саласын көлеңкеден шығару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 57 базардың 16 – сы жаңғыртылды (2020 жылға дейін-29).  24 СОО ашылды (жылдың соңына дейін-2). 3 жыл ішінде сауда саласын дамытуға 240 млрд. теңгеден астам жеке қаражат салынды.

2018 жылдың шілде айында Кәсіпкерлер Палатасы проблемалық мәселелерді анықтау үшін қала базарларына паспорттау жүргізді. Негізгі проблема -бұл базарларды қазіргі заманғы форматқа өткізуде, базарларды жаңғырту үшін базардағы меншік иелерінің қаражаты жеткіліксіз.

«2018 жылы Алматыдағы бөлшек сауда көлемі 2125,1 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 112,9%-ға өскен.  Ал, көтерме сауда көлемі 7499,3 млрд теңгені құрап, ал өткен жылмен салыстырғанда 101,5% өсті.  Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі қаланың үлес салмағы 29,7 % құрайды», — деді Б.Телебай.