Алматыда ерекше субұрқақ орнатылды

29
Алматы
Фото: inalmaty.kz

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — Алматыдағы Панфилов көшесі мен Арбаттың қиылысында есептегіші бар ерекше ауыз су бұрқағы орнатылды. Есептегіш субұрқақты пайдалану кезде қанша пластикалық бөтелкелерді лақтырудан бас тартуға болатынын көрсетеді.

Нысан ресми түрде 29 шілдеде сағат 10:00-де іске қосылады. Бүгін техникалық ашылу және тексеру өтеді.

«Фонтан өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді. Ерекшелік мынадай: адам суды ішкен кезде, есептегіш әрбір 0.5 литрді, яғни осы жерден тегін су алу арқылы бас тартатын бір пластикалық бөтелкені тіркейді. Әрбір алматылық қоршаған ортаға қамқорлық жасауға өз үлесін қоса алады. Мұндай субұрқақтарды қаланың басқа аудандарында да орнатуды жоспарлап отырмыз, — деп хабарлады «Оазис Алматы» жобасының бастамашысы Ғалым Байтімбетов.

Алматы
Фото: krisha.kz

Субұрқақ тікелей орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Су жеті мың литрге есептелген ағынды сүзгілер арқылы өтетін болады. Механизм вандалға қарсы қорғаныспен жабдықталған. Сервистік қызмет көрсетуді орнатушы компания жүзеге асырады.

«Келесі субұрқақты су тазарту функциясымен ғана емес, сонымен қатар ауаны тазарту қызметімен де жабдықтаймыз. Бұл нағыз оазис болуы үшін: адам келіп, отыруға, демалуға, таза су ішуге, таза ауамен демалуға мүмкіндік алады. Жаңа жобаларды қаржыландыру үшін әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында ірі компанияларды тартқымыз келеді», — деді Ғ. Байтымбетов.

Айта кетейік, «Оазис Алматы» — өзінің бастамаларын жүзеге асыру үшін 5000 еуро алған «МыАлматы» жобасының жеңімпаздарының бірі.