Алматыда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде Алматыда полиция көлігі әйелді қағып өлтіргені туралы видео тарады. Онда айтылған ақпаратты Алматы полиция департаменті растады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жол апаты 3 тамыз күні түнгі сағат 23.25-те болған.

«Хюндай» маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері, 1993 жылы туған азамат Т.Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды.  Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жүргізуші ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалды.