Алматыда шағын аудандардың аты өзгереді

231
Алматы шағын аудан
Фото: Homsters.kz

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Алматыда ондаған шағын ауданның атауын өзгерту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазТАГ  Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша: «Алғабас» шағын ауданы – «Алғабас» ; «Алғабас-1» шағын ауданы – «Нұркент» ; «Алғабас-2» шағын ауданы – «Ботакөз» ; «Алғабас-3» шағын ауданы – «Ақмаржан» ; «Алғабас-4» шағын ауданы – «Ғажайып»; «Алғабас-5» шағын ауданы – «Дарабоз» ; «Алғабас-6» шағын ауданы – «Ботакөз» ; «Алғабас – 3» шағын ауданы — «Ақмаржан»; «Алғабас-4» шағын ауданы — «Ғажайып»; «Алғабас-5» шағын ауданы — «Дарабоз» ; «Алғабас-6» шағын ауданы -«Зерделі»;  «Боралдай» шағын ауданы — «Боралдай»; «Заря Востока» шағын ауданы – «Шапағат» ; «Құрылысшы» шағын ауданы – «Самғау» ; «Мәдениет», «Рахат», «71-разъезд» шағын аудандары – «Мәдениет» ; «Теректі» шағын ауданы – «Теректі» ; «Трудовик» шағын ауданы — «Томирис» шағын ауданы болып өзгеруі мүмкін.

Құжатта, Әуезов ауданы бойынша «Дубок» шағын ауданын «Шабыт» ; «Дубок-2»-ні «Атамекен»; «Школьный» шағын ауданын —  «Жазира»;  «Школьный-2″ шағын ауданын Алмас»; » Тепличный » шағын ауданын     «Қуаныш » деп атау жоспарлануда.

«Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша: «Ақтөбе» шағын ауданы –» Ақтөбе » шағын ауданы; » Алатау «шағын ауданы – «Мұзарт» шағын ауданы» , — делінген құжатта.

Ал, «Алмаарсан» шағын ауданы «Архат» шағын ауданы; «Ерменсай», «Ерменсай-1,2,3,4» шағын аудандары «Ерменсай» шағын ауданы болып өзгертілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша: «Қарғалы «шағын ауданын –  «Қарғалы»шағын ауданы; «Жайлау» шағын ауданын –» Ғаламат «шағын ауданы; Алматы қаласы Бостандық, Медеу аудандары бойынша: » Ремизовка » шағын ауданын –» Асқартау» шағын ауданы; Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша: » Дорожник «шағын ауданын –» Көкмайса «шағын ауданы; » Первомайский «шағын ауданын– «Кемел» шағын ауданы деп атау жоспарлануда.

Медеу ауданы бойынша «Ақтөбе» шағын ауданы «Шарапат» және «Алтын», «Бутаковка» шағын ауданы «Мұзтау» болып өзгертілуі мүмкін.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша: » атаусыз » шағын ауданына –» Бақорда «; «Абай » шағын ауданына –» Абай» ; » Ақжар «шағын ауданына –» Ақжар » ;» Алатау «шағын ауданына –» Байтақ» ; «Бұлақты» шағын ауданына – «Бұлақты»; » Каменка-3 «шағын ауданына –» Мейрам»; » Шұғыла»,» Таусамалы» шағын ауданына – «Төрткүл» ; » Достық » – » Дидар» шағын ауданы аталуы мүмкін.

Түрксіб ауданында «Колхозшы» шағын ауданы «Нұршашқан» деген атауға ие болады.

«Алматы қаласы аудандарының әкімдері, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын», — дейді құжатта.