Алматыда шетелдік азамат автобус жүргізушісі болып заңсыз жұмыс істеген

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Алматыда шетелдік азамат автобус жүргізушісі болып арнайы құжатсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өзбекстан азаматында өзінің жеке басын растайтын құжаттары да, жүргізуші куәлігі де болмаған. Ер адам оларды жұмыс орнында ұмытып кеткенін айтты», — деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азамат пен автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды.