Алматыда үш жыл ішінде 1400 аула жөнделді

96
Фото: YouTube

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz —  Алдағы бірнеше жылда ауланың 100%-ы жөндеу жұмысымен қамтылады. Алмалы ауданында 170 ауыла жаңартылды. Қазан айының ортасына қарай құрылысшылар тағы 60 алаңдағы жұмыстарды аяқтайды, деп хабарлайды «Вечерний Алматы»

«Бұл қайта құру асфальт алаңын, аула ішілік жарықтандыруды, сондай-ақ жаңа балалар алаңдары мен спорт алаңдарын орнату жұмыстарын қамтиды. Осы жұмыс түрлері үй тұрғындарының өтініштерін есепке ала отырып жүргізіледі», — деп хабарлайды Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Олжас Әбілханов.

Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен аулалар абаттандырылады. Олар бұл жұмысқа мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында белсенді қатысып жатыр.

«Мен өзім мценат болып табыламын, өз округімізде спорт алаңшаларын ғана қоймаймын. Бүгін Президентіміз айтқандай, біз ерекше ештеңе жасамаймыз. Жай ғана тартылу үшін қарапйым турниктер жасау керек. Мұның бәрі оңай және қолжетімді. Мен мұны барынша қолдаймын, мұның бәрі дұрыс», — деп айтты Алматы қалалық мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков.

Алматыда 3 жыл ішінде 700 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 1400 аула жөнделді