Алматылықтар да Қытайдағы күшті жер сілкінісін сезді

Қытай

Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz — Бүгін Алматы қаласында Астана уақыты бойынша сағат таңғы 5.28-де жерасты дүмпулері сезілді. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде СҰАР аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы — 14.8, Магнитудасы — 6.8.

Алматыда болған жер сілкінісінің магнитудасы 4 баллды құрады. Сонымен қатар Талдықорған, Жаркент, Қарағанды мен Өскемен (2 балл) қаласында да жерасты дүмпулері сезілген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.