Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz - Бүгін Алматы қаласында Астана уақыты бойынша сағат таңғы 5.28-де жерасты дүмпулері сезілді. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде СҰАР аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 14.8, Магнитудасы - 6.8.
Алматыда болған жер сілкінісінің магнитудасы 4 баллды құрады. Сонымен қатар Талдықорған, Жаркент, Қарағанды мен Өскемен (2 балл) қаласында да жерасты дүмпулері сезілген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.