Алматылықтардың сүйікті қоғамдық көлігі белгілі болды

467

Алматы қаласының тұрғындары таксимен жүргеннен гөрі автобуста жүргенді ұнатады. Өткен жылы құрлық көліктерімен 4804,8 млн адам тасымалданған. Соның ішінде, 3745,2 млн адам автобуспен (77,9 пайыз), 1033,5 млн адам таксимен (21,5 пайыз) қатынаған. Троллейбуспен жүретіндер — 16,2 млн (0,3 пайыз), трамваймен 2,9 млн (0,1 пайыз). Бұл жөнінде ИА AlmatyNews  Қалалық статистика департаментіне сілтеме бере отырып хабарлайды.

Бір жыл ішінде әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 3,8 млн-ды құрады.

Алматыда 685 көлік кәсіпорны бар. Олардың басым бөлігі (552) көмекші және қосымша қызметтер көрсетсе, 123 кәсіпорын өзге де құрлық көліктеріне жатады. Өткен мерзіммен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 11,5 пайызға көбейіп, 216 848, 4 тонна болды. 2013 жылы ол шама 194 412 мың тонна болған еді. Жүк айналымы 15,1 пайызға артқан.