Алматының кейбір аумақтарындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізілді

873
жол
Фото: yvision.kz

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — Алматы қаласының кейбір жол аумақтарында өзгеріс енгізілді деп хабарлайды ҚазТАГ қаланың Ішкі істер департаментіне сілтеме беріп. 

Саин мен Жандосов көшесі, Шаляпин және Абай даңғылының қиылысы аумақтарында солтүстік бағытта сол жақтағы бұрылуды қысқарту үшін қозғалысқа өзгеріс енгізілді.

«Абай даңғылының шығысынан жүргізуші Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бұрыла алмайды. Біз автоәуесқойларды жол қозғалыс ережелерін сақтауға, сондай-ақ осы бағытта өз қозғалыстарын реттеп отыруға кеңес береміз», -делінген Алматы ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы таратқан баспасөз релизінде.