Алтел 4G+ технологиясын іске қосты

Фото: healthvesti.com

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz — Қазақстанда алғаш рет жоғары жылдамдықты мобильді интернет енгізілді. Бұл технология деректерді 225мбит/с дейінгі жылдамдықпен жүктеуге мүмкіндік береді. Ол ұялы телефонның техникалық сипаттамалары мен қамту аймағына байланысты.

Жаңа сервис Қазақстанның 12 қаласында қолжетімді. LTE-Advanced стандарты 2 жиілікті (Carrier Aggregation) біріктіру арқылы іске қосылды. Бұл – базалық станция мен абонент арасындағы байланыс арнасын кеңейтуге жәрдемдеседі. Екі жиілікті бір уақытта пайдалану деректер жіберудің жылдамдығын арттырады.

Сонымен қатар, LTE-Advanced жүйесінің тағы бір артықшылығы – шектеулі жиілік ресурсын оңтайлы пайдалану. Сондай-ақ оператордың радио ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырады. Ол сектордың сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, абонент шектен тыс жүктелген секторға түскен болса, оған басқа жиілік диапазонында бірден қызмет көрсетіледі.

«Биылғы жылдың басында Altel-дің көптеген абоненттері өздерінің мобильді құрылғыларында  4G+ белгісінің пайда болғанын байқады. Бұл – өткен жылдың желтоқсан айынан басталған. Жиілікті агрегациялау бойынша ұзаққа созылған жұмыстың нәтижесі болды. Біз өз абоненттеріміздің басым көпшілігі тұратын қалаларға – Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Павлодар, Қостанай және Петропавл қалаларына баса назар аудардық. Қазіргі уақытта бұл қалаларда LTE-Advanced стандарты 100% қамтылды. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларына мамыр айында қолжетімді болады. Жаңа технология арқылы «ауыр салмақты» файлдарды аз уақытта жүктеуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Болатбек Толқынов

Айта кетейік, LTE Advanced (4G+) — коммерциялық пайдаланудағы төртінші буынды байланыстың ең соңғы сымсыз стандарты. Оның бекітілуі 2011 жылғы наурыз айында жүзеге асырылған. Абоненттер үшін бұл технология 2012 жылғы қазан айында қолжетімді болды. Қазіргі уақытта аталған сервис әлемнің 76 елінде пайдаланылады.