Алтел абоненттерінің саны 2 млн адамға жетті

437
Алтел абоненттерінің саны 2 млн адамға жетті

«Қазақтелеком» АҚ үлестес компаниясы «Алтел» АҚ екі миллионыншы абоненттің қосылуы туралы хабарлады. Осылайша ALTEL 4G:GSM желісі абоненттерінің саны 2 миллионға жетті.

Өсімнің жоғары қарқынын есепке алып, «Қазақтелком» АҚ 2015 жылдың аяғында абоненттер саны 3 миллионнан асатындығын болжап отыр.

«Алтелдің» екі миллионыншы абонентінің қосылуы — «Қазақтелеком» компаниялар тобы үшін елеулі оқиға, бірақ бұл кездейсоқ жайт емес, себебі 4G ендіру жөніндегі жобаның басынан бері біз LTE технологиясын 100% қолдайтын базалық станциялардың 2 300 сайтын құрдық, бірегей инновациялық қызметтерді ұсыну және икемді тариф жоспарларын әзірлеу жөніндегі қомақты жұмыс атқарылды», — деп мәлімдеді «Қазақстелком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Ақпарат көзі: zakon.kz