"Қазақтелеком" АҚ үлестес компаниясы "Алтел" АҚ екі миллионыншы абоненттің қосылуы туралы хабарлады. Осылайша ALTEL 4G:GSM желісі абоненттерінің саны 2 миллионға жетті.
Өсімнің жоғары қарқынын есепке алып, "Қазақтелком" АҚ 2015 жылдың аяғында абоненттер саны 3 миллионнан асатындығын болжап отыр.
"Алтелдің" екі миллионыншы абонентінің қосылуы - "Қазақтелеком" компаниялар тобы үшін елеулі оқиға, бірақ бұл кездейсоқ жайт емес, себебі 4G ендіру жөніндегі жобаның басынан бері біз LTE технологиясын 100% қолдайтын базалық станциялардың 2 300 сайтын құрдық, бірегей инновациялық қызметтерді ұсыну және икемді тариф жоспарларын әзірлеу жөніндегі қомақты жұмыс атқарылды", - деп мәлімдеді "Қазақстелком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Ақпарат көзі: zakon.kz