Алтын құймаларын қандай банктерден сатып алуға болады?

0
572
Алтын құймаларын қандай банктерден сатып алуға болады?
Stacked gold bars

31 мамыр күні ҚР Ұлттық банкі алтын құймаларын банктерден сатып алуға болатын хабарлады. Оқырмандар тарапынан қандай банктерден алуға болады, қандай шарттары бар деген сауалдар келгендіктен, ақпарат беруді жөн көрдік.

Егер салымыңызды алтынмен жинағыңыз келсе, қазіргі уақытта алтын құймаларды Қазақстан Халық Банкінде, Еуразиялық банкте және Цеснабанктен сатып алуға болады.

Халық банкінде: Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 101 (Сәтбаев к-нің қиылысы) Астана қ., Қабанбай батыр к-сі, 17 Өскемен қ., Горький ат.көше, 57 А Атырау қ., Сәтбаев к-сі, 4 www.halykbank.kz

Еуразиялық банкте: Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 50-52 Өскемен қ., Е.П. Славский ат. жағалау, 24/3 Атырау қ., Құлманов к-сі, 107 www.eubank.kz

Цеснабанкте:  Астана қ., Сарайшық к-сі, 5-а Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 15, 4-Б корпус www.tsb.kz

Алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындайды және 10, 20, 50 және 100 грамдық төрт түрі бар. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылған.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған- ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады.

Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыптау сақтаған және орауын ашпаған жөн.  Егер алтын құймаларына қатысты сұрақ туса, мына телефонға хабарласуға болады: +7 (727) 2704 569.

Дінмұхаммед Алдаберген


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ