Amazon әлемдегі ең ірі жарнама беруші болды

137
Amazon
Фото: observer.com

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz — Amazon онлайн-ритейлері әлемдегі ең ірі жарнама беруші болды — оған әлемдік жарнамалық шығындардың 2%-ы тиесілі. Мұндай деректі GroupM жетекші жарнама холдингі ұсынды.

Онлайн-ритейлердің жарнамаға бөлген жылдық шығындары 2019 жылдың қорытындысы бойынша 34%-ға (2,8 млрд доллар) өсіп, он жылда 11 млрд долларға жетті.

Бұл ретте 10 жыл ішінде компания жарнамалық шығындарды 20 есеге арттырғанын атап өту керек: 2009 жылғы 593 млн доллардан 2019 жылы 11 млрд долларға дейін.

Сонымен қатар, жылдық есепте Amazon-ның сатылымы 20 пайызға артып, 280,5 миллиард долларды құрағанын көрсеткен. Маркетингке жалпы шығындар 18,9 млрд долларды құрады: жарнамаға — 11 млрд доллар және өзге шығындарға — шамамен 7,9 млрд доллар.

Айта кетейік, бұған дейін ірі жарнама беруші Procter & Gamble болды. 2019 жылы P&G жарнама шығындары 350 млн доллардан 6,8 млрд долларға дейін төмендеді, ал басқа маркетингтік шығыстар 19,1 млрд долларды құрады.