Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – GBH Insights мәліметіне сәйкес, Amazon.com-ның бөлшек саудадағы 2016 жылы 38 пайызды құраған интернет-сатылымдағы үлесі 45-50 пайызға жетті.
«Amazon-ға тиесілі Prime жеткізу қызметі «Джефф Безос империясының (Амазон-ИФ негізін қалаушы және жетекшісі) қымбат тасына» айналды, - деп атап өтті GBH Insights технология орталығының зерттеу ісіне жауапты қызметкері Дэниел Ивс.
АҚШ интернет-сатылымы осы маусымда 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 18 пайызға өскен.
Д. Ивстың мәліметтері бойынша, Prime қызмет көрсету клиенттерінің саны шамамен 88 млн-ды құрайды. Ал олардың шығыны 2016 жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғары болды.
Сарапшының айтуынша, Amazon-дағы Prime-ның клиенттерінің құрамы жоғары баға жағдайында бәсекеге қабілетті Wal-Mart, сондай-ақ Target and BestBuy сияқты интернет-дүкендерге қолдау көрсетті. Wal-Mart үлесі осы уақыт аралығында интернет-дүкендердің жалпы көлеміндегі үлесі екі есе өсті.
Қазіргі уақытта Wal-Mart интернет дүкені Amazon-ға бәсеке тудыратындай жағдайға жетті. Алайда, оны баса озу әлі мүмкін емес.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024