Америкалықтардың кредиттік карта бойынша қарызы рекордтық көрсеткішке жетті

карта
Фото: politikus.ru

Вашингтон. 10 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың маусымында америкалықтардың несие карта бойынша қарызы рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы MarketWatch хабарлады.

Федеральды резерв жүйесінің (ФРЖ) мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 1,021 трлн долларды құрады. Бұған дейінгі рекорд 2008 жылдың сәуірінде 1,02 трлн доллар болған.

«Бұл ақпарат америкалықар үшін қауіп дабылы болуы тиіс. Олар несие картасы бойынша қарыздарына көбірек назар аудару керек. Қазіргі уақытта қарыздар бақылауда болғанымен, кенеттен болуы мүмкін жағдайлар үлкен мәселеге әкелуі мүмкін», — деп атап өтті CreditCards.com сарапшысы Мэтт Шульц.

Америка тұтынушыларының кредиттік берешегі 2017 жылдың маусымында 2016 жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, олар ірі банктер мен эмитенттер шығаратын несие карталарын көптеп пайдаланып келеді.

2017 жылдың І тоқсанында несие картасын пайдаланушылар саны — 171 млн адамды құрады. Бұл 2005 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Нью-Йорк Федеральды резервті банкінің (ФРБ) мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың наурызында АҚШ-та тұтынушы несиелері бойынша жиынтық қарыз 12,73 трлн долларға жетті. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткін 2008 жылы  (12,68 трлн доллар) тіркелген.

Тұрғын үй сатып алуға арналған несие 2008 жылдан қарағанда 1трлн долларға төмендеген, ал автонесиелер көлемі 367 млрд долларға, студенттік несиелер 671 млрд долларға өсті.