Америкалықтар Хэллоуин мерекесін тойлауға 6,9 млрд доллар жұмсайды

Happy Halloween 2015 Orange Pumpkin Night Graveyard

2015 жылдың 31 қазанында 157 млн американдық Хэллоуин мерекесін атап өтпек. Олардың әрбірі мереке үшін  орташа есеппен 74,34 доллар жұмсауы мүмкін. Мұндай нәтиже АҚШ-тың Ұлттық бөлшек сауда федерациясы (National Retail Federation, NRF) жүргізген сауалнамада көрсетілді.

31 қазан күні тойланатын мереке шығыны АҚШ-та 6,9 млрд долларды құрайды. Бұл 2012 жылға 1 млрд долларға аз болғанмен, соңғы он жылда екі еселенген.

Америкалық мерекелерді атап өтуде Хэллоуин мерекесіне жұмсалған қаржы көлемі алтыншы орынға тұрақтаған. Мысалы Рождество, Пасха ($16,4 млрд), қасиетті Валентина күніне ($18,9 млрд)  және Әке мен Ана мерекесіне барлығы 616 млрд доллар жұмсалады.

NRF болжамына сәйкес, 68 млн-нан астам адам Хэллоуин мерекесінің костюмді кешіне қатыспақ. Ал 20 мыңы өз үйлерін безендіруге ниет танытып отыр.

Мерекелік кешке арналған костюмдер үшін 27,33 млрд доллар жұмсалады. Бұл мерекелік кеш үшін жұмсалатын ең басты шығын болады. Ал үлкендер өздерінің киімі үшін 1,2 млрд доллар қаржы бөледі. Сондай-ақ үй жануарлары 350 млн доллар жұмсалмақ.

31 қазан күні мерекеге қатысушылардың 68%-ы  тәтті таратады. 43,5%-ы мерекелік костюмдермен киінеді.  41%-ы асқабақтан мүсін жасауға қатысады.  31,5%-ы түрлі кештерге барады. 27,5%-ы отбасымен бірге көршілерінен сыйлық алуға барады.